2024 жылғы Олимпиада ойындарына қонақтар визаны жеңілдетілген тәртіпте алады
Франция астанасы Париж қаласында өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына келетін қонақтар визаны жеңілдетілген тәртіпте алатын болады.
Ұйымдастыру комитетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Софи Лоран Париж қонақтары жеңілдетілген тәртіпте алдын ала «Олимпиада» визасын алу мүмкіндігіне ие болатынын айтты.
«Визаларды алуға қатысты біз жеңілдетілген тәртіпте алуға болатын Олимпиадалық визаны енгізу үшін Франция үкіметімен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Мұны Ойындарға дейін алдын ала жасау керек екені белгілі. Біз мұндай визаларды алуға көмектесеміз. Виза мәселесімен айналысатын адамдар мұны 2023 жылдың басында бастайды», - деген Лоран.
Еске салар болсақ, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.