Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2024 жылғы Олимпиада бағдарламасына 4 бағыт қосылды
14:17 / 2020-12-08

Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына скейтбординг, жартасқа өрмелеу, серфинг және брейк-данс ойындары қосылды. Сонымен бірге спортшылардың санын 10,5 мыңға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 7 желтоқсандағы отырысындағы қабылдаған шешімге орай, 2024 жылғы Олимпиадаға қатысатын спортшылардың квотасын 10,5 мыңға дейін қысқарту туралы шешімді қолдады.

Бұл шешімге сәйкес, квоталарды ең көбі ауыр атлетикада азаяды. ХОК шешімі оның Халықаралық ауыр атлетика федерациясына және спорттағы допингке қатысты алаңдаушылығымен байланысты.

«2024 жылғы Олимпиададағы ауыр атлетика мәселесін ХОК тарапынан қайта қаралады», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ХОК Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығын тануын тоқтатылуына байланысты боксшыларға арналған квота да едәуір қысқарған. ХОК шешімі бойынша Парижде өтетін сайысқа 252 квота берілген болып онда ерлер мен әйелдер арасында теңдей бөлінген (әрқайсысы 126 қатысушы).