2024 жылғы НАТО саммиті АҚШ-та өтеді
АҚШ президенті Джо Байден сейсенбіде АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды деп мәлімдеді.
«Келесі жылы мен НАТО басшыларын АҚШ-та өтетін саммитте қабылдаймын», - деді Байден Польша астанасында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша 2024 жылы альянс құрылғанына 75 жыл толатынын атап өтеді.
Биыл 11-12 шілде аралығында Литва астанасы Вильнюс қаласында НАТО басшыларының саммиті өтеді.