2024 жылдың ақпан айынан бастап Варшава-Ташкент қалалары арасында тұрақты әуе рейсі ашылады.
Бұл туралы Өзбекстанның жаңадан тағайындалған елшісі Амирсаид Азамхужаев Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рауға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыруға арналған шара барысындағы сұхбатта айтылды.
Польша Сыртқы істер министрлігінің басшысы тоқыма өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалап, Өзбекстаннан Польшаға жартылай фабрикаттар мен дайын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттауды ілгерілетуге дайын екенін айтқан.
Польша мен Өзбекстан арасында тығыз мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар бар екені, 2024 жылдың ақпан айынан бастап Варшава-Ташкент-Варшава бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстердің ашылуы поляк туристерінің санын арттыруға және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қызмет ететіні атап өтілген хабарламада.