2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді
2023 жылы бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінде AIBA президенті Умар Кремльовтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Жарыс өтетін мерзім кейінірек хабарланады. Бокстан әлем чемпионаты Өзбекстанда ғана емес, өңірде тұңғыш рет өтпек.
2023 жылғы ересектер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады.