2023 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Мадридте (Испания) өткен 24-ші сессияда дауыс беру қорытындысы бойынша осы беделді конференцияны өткізу орны ретінде Самарқанд қаласы таңдалған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясын өткізу үшін үміткерлердің ақтық кезеңі аясында Өзбекстан мен Португалия қатысып, дауыс беру процесінің нәтижесі бойынша Өзбекстан айқын басымдық таңдалды, делінген хабарламада.
Осылайша 2023 жылы UNWTO Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.
Мадридте өтіп жатқан айтулы шараға қатысушы қонақтар мен ресми делегаттар Өзбекстанның халық өнерінің өнімдерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм тата, ұлттық фольклорлық ұжымдардың қойылымдарын тамашалай алады.