2022 жылы Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша 15 мыңнан астам рейс орындалған
2022 жыл ішінде Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша 15 мыңнан астам рейс орындалған.
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы Өзбекстанда белгіленген кесте негізінде халықаралық бағыттар бойынша 15 192 әуе рейсі орындалған. Бұл бір күнде халықаралық бағыттар бойынша орта есеппен 41 рейс байқалды деген сөз.
Дерекке сәйкес, өткен жылы жергілікті бағыттар бойынша 6345 рейс орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан 2023 жылдың қаңтар айында шетелден құны 633,1 миллион доллар болатын 13 ұшақ әкелген еді.