2022 жылы Өзбекстанда 7 жаңа электр станциясы іске қосылады
2022 жылы Өзбекстанда жалпы қуаты 1474 мегаватт жылу және күн фотоэлектр станциялары іске қосылады.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін республикада 6 жылу электр станциясы (ЖЭС) және 1 күн фотоэлектр станциясы (ФЭС) іске қосылады.
Атап айтқанда, қаңтар айында Бұхара облысында қуаты 270 МВт және Ташкент облысында 240 МВт болатын екі жаңа жылу электр станциясы іске қосылды. Сондай-ақ сәуір айына дейін Самарқанд облысында қуаты 100 МВт күн фотоэлектр станциясын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, наурыз айында Ташкент облысында қуаттылығы 230 және 240 МВт екі жылу электр станциясы және Хорезм облысында 174 МВт бір ЖЭС, ал Сырдария облысында 220 МВт жылу электр орталығы жылдың соңына дейін іске қосылады. Нәтижесінде Өзбекстанның энергетикалық жүйесінің жалпы қуаты 16 мың МВт-тан асады.