Самарқанда 2022 жылы әлем елдерінің парламенттері әйел спикерлерінің саммиті өтуі жоспарлануда.
Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 13 қазанында «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Танзила Норбаева бастаған Өзбекстан делегациясы Ресейдің Санкт -Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумының «Бейбітшілік пен сенім дипломатиясын дамытуда әйелдер миссиясы» атты жалпы отырысына қатысты.
Әзербайжан, Бангладеш, Вьетнам, Қазақстан, Қырғызстан, Габон, Мозамбик, Моңғолия, Молдова, Никарагуа, Тәжікстан, Түркіменстан, Зимбабве және Иранды қосқанда 110 елден 350-ге жуық делегат, атқарушы билік өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сондай-ақ іскер топтар, қоғамдық және академиялық ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесуде Танзила Норбаева сөз сөйлеп, Өзбекстандағы реформалар мен өзгерістердің негізгі нәтижелері, саяси бастамалар, елдегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту шаралары туралы баяндама жасаған.
Сенат спикері Өзбекстан тарапының халықаралық қоғамдастықта әйелдер құқығы мен гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша тәжірибе алмасуға және осы саладағы басқа елдердің озық тәжірибесін зерттеуге дайын екенін мәлімдеп, осы кездесуге қатысушылар 2022 жылы Самарқандта өтуі жоспарланған әлем парламенттері әйел спикерлерінің 14 -ші саммитіне шақырған.