Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2022 жылы «Регистан» кешенін тамашалауға 1 миллионнан астам турист келген
12:51 / 2023-01-12

Өткен 2022 жылы Самарқанд қаласындағы «Регистан» ансамбліне 1 миллион 027 мың 951 жергілікті және шетелдік турист келген.

«Uzbektourism.uz» сайтының хабарлауынша, «Жаңа Өзбекстанның туристік қақпасы» деп танылған Самарқанд 2023 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) астанасы. Осыған орай UNWTO Бас Ассамблеясының 25-ші мерейтойлық сессиясы Самарқандта өтеді.

2022 жылы «Регистан» кешенін одан әрі жетілдіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жыл бойы жүргізілген қалпына келтіру және консервация жұмыстары кезінде табылған бірегей тарихи нысандар «Тилакори» медресесінде «Самарқанд тарихи суреттері» атты көрмеге қойылды.

Биылғы жылдың 1-8 қаңтарында «Регистонға» жалпы 17 мың 009 турист келген. Оның 11 мың 085-і жергілікті туристер (2 645 бала) және 2 мың 979 шетелдік турис (300 бала).