Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2022 жылы Праиждегі Лувр мұражайында Өзбекстанның көрмесі өтеді
12:46 / 2021-05-10

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 10 мамыр күні Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзбек-француз үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келған Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестер бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады. Атап айтқанда, олар осы жылдың 3 мамырында екі елдің сыртқы істер министрлері арасындағы телефон арқылы сөйлесу кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарады. 

Өзбекстан СІМ мәліметінше, Француз тарапы 2022 жылдың күзінде Париждегі Лувр мұражайында «Өзбекстан керуен жолдарында» атты көрмені ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл шара екі елдің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналатыны айтылды. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша делегация басшылары Өзбекстан мен Францияның Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.