Үкімет қаулысымен 2022 жылдан Өзбекстанда піллә өсіруші жеке тұлғаларға олар өсіретін піллә (жібек құртын) дақылына субсидиялар бөлу тәртібі туралы ереже бекітілді.
Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін пілләнің килограммына 5 мың сум субсидия берілетін болды.
Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитеті жыл сайын 20 шілдеге дейін елімізде піллә өндіруге болжамды әзірлеп, Қаржы министрлігіне ұсынады. Қаржы министрлігі болжам негізінде бюджеттен субсидия бөліп, 1 ақпанға дейін комитетке өткізіп бермек
Жібек өндіру кластерлері мен ұйымдары «Агропилла» ЖШС субсидия алушылардың тізімін қалыптастырып, 25 ақпанға дейін агенттіктің өңірлік басқармасына ұсынады.
Ол бойынша облыстық басқарма тізімді қорытындылап, 1 наурызға дейін комитетке жібереді. Комитет ақшаны 10 сәуірге дейін субсидия алушылардың игеруі үшін арнайы есепшоттарға аударады. Жібек құртының кластерлері мен ұйымдары субсидия алушыларға ақшаны карта немесе банктік шот арқылы аударатын болады.