Өзбекстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындардан білімі жөнінде диплом, өзін-өзі жұмыспен қамту туралы анықтама, аз қамтылған отбасыдан шыққанын растайтын құжат, «Әйелдер кітапшасы». «Жастар кітабына» тіркелгендік турасындағы сынды жиырмаға жуық құжаттарды сұрату талабы жойылады.
24 шілдеде Шавкат Мирзияев қол қойған «Мемлекеттік қызметтердің инфрақұрылымын жақсарту және халықтың мемлекеттік қызметтерден пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту туралы» Жарлыққа сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік қауымдастықтар, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінен келесі мәліметтер мен құжаттарды талап ету талабы жойылады:
а) келесі фактілерді растайтын мәліметтер:
- кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік мәліметтері;
- лицензия, рұқсат ету міндетіне ие құжаттар және хабарламалардың қабылданғанын растайтын туралы мәліметтері;
- мемлекеттік баж, алымдар және басқа да төлемдерді төлегендігі туралы мәліметтері;
- бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған операциялар, дивидендтер алу туралы ақпарат;
- күн көрісі төмен отбасы немесе отбасы мүшесі ретінде тіркеу туралы ақпарат;
- жеке тұлғалар тарапынан төленген және алынған алименттер туралы ақпарат;
- жоғары білім туралы диплом туралы ақпарат;
- жеке тұлғаның орта арнайы, кәсіптік білім беру ұйымын бітіргендігі туралы ақпарат;
- жеке тұлғаның жалпы орта білім беру мекемесн аяқтағаны туралы ақпарат (11-сынып негізінде);
- азаматтың «Жастар кітабында» немесе «Әйелдер кітапшасында» бар екендігі туралы ақпарат;
- өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар туралы мәлімет;
- жоғары оқу орындарына түсу жеңілдігі бар талапкерлердің артықшылықтарын құқықты растайтын құжат туралы мәліметтер;
б) келесі құжаттар:
- қаржылық есептіліктің көшірмелері;
- жеке тұлғалардың соңғы 12 айдағы жалақысын растайтын анықтамалар;
- әлеуметтік төлем мен зейнетақы төленгені туралы анықтамалар.
Қаулыда мемлекеттік органдар мен ұйымдар жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, жұмысқа қабылдау аясында және басқа да әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруда осы тармақта көзделген құжаттар мен ақпараттарды осы Жарлыққа 4-қосымшада көрсетілген жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тәуелсіз түрде «электрондық үкімет» жүйесі ведомствоаралық интеграциялық платформа арқылы сұрап алады.