2022 жылда Өзбекстанда жалпы қуаты 3600 МВт болатын 10 күн және жел электр станциясын салу бойынша келісімдерге қол қойылады.
Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы жылдары Өзбекстанда «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша күн және жел электр стансаларының құрылысы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы 3 жылда күн және жел электр станциясын салу туралы 10 келісім жасалған.
2022 жылы жаңартылатын энергия көздері саласында үлкен жұмыстар атқарылатын болып, атап айтқанда, Бұхара, Наманган, Хорезм, Қашқадария, Ферғана және басқа облыстарда жалпы қуаттылығы 1900 МВт болатын 8 күн фотоэлектр станциясының және Қарақалпақстанда жалпы қуаты 1700 МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жобалық келісімдерге қол қою жоспарланған.
Сонымен өатар, 2023 жылы Самарқанд, Жызақ, Науаи және Сұрхандария облыстарында жалпы қуаты 1097 МВт 4 күн фотоэлектр станциясы және Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара (Гидждуван және Пешку) және Науаи облыстарында жалпы қуаты 1600 МВт 4 жел электр станциясы энергия өндіруді бастайды.