2022 жылғы Азия ойындарының ресми символы таныстырылды
Коронаирустық пандемияға байланысты Азия ойындарының ресми символын таныстыру салтанаты көпшілікке онлайнды түрде өтті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 2022 жылғы Азия ойындарының ресми символы «Ақылды үштік» роботтар болды. Олардың әрбірі қытай мәдениетімен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұнасына енген аймақтарды бейнелеген.
Алғашқы «Congcong» роботы Лянчжоу шаһрындағы археологиялық жәдігерлерді ұсынатын болып, оның атауы осы аймақта табылған нефрит атты ерекше табиғи таспен үндеседі. Жәдігердің 5000 жыл алын пайда болғандығы құрметіне жер мен егіннің негізі болып табылатын сары түс осы роботта таспаланған.
Екінші робот «Lianlian» - деп аталып, ол өзінде Батыс көлін бейнелейді. Оның атауы, лотос жапырақтарына толы жасыл түске оранған көл бейнесі, өмір мен табиғаттың үндесуін көрсете алғандығынан келіп шыққан.
Үшінші робот «Чэнчэнь» Бейжің-Ханчжоу Үлкен каналының символы саналып, оның атауы Ұлы Ханчжоу каналында орналасқан маңызды ғимарат Гунчхэнь көпірінен шыққан. Робот ғылым мен техниканың байланысын сипаттайтын болғандықтан көк түспен боялған.
Коронаирустық пандемияға байланысты Азия ойындарының ресми символын таныстыру салтанаты көпшілікке онлайнды түрде өтті. Атаулы жарыс 2022 жыл 10-25 қыркүйек аралығында өтеді.