Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2022 жыл қаңтар айында Өзбекстанда импорт көлемі 2 миллиард доллардан асты
15:20 / 2022-03-01

2022 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның импорттық көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 281 пайызға өсті.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы айында Өзбекстанда импорт көлемі 2 миллиард 98,8 миллион АҚШ долларын құраған.

Импорт құрамындағы тауар көлемі 1 миллиард 951,7 миллион долларға жетсе, қызмет көрсету көлемі 147,1 миллион долларды құрады.

Олар құрамына, машина мен жабдық (34,2 пайыз), өнеркәсіп өнімдері (19,4 пайыз), химия өнімдері (14,5 пайыз), азық-түлік (10,8 пайыз), қызмет көрсету (7 пайыз), әртүрлі дайын өнімдер (5,1 пайыз), минералды отын (4,1 пайыз) ) және басқа да тауарлар (4,9 пайыз) енген.