2022/2023 оқу жылынан бастап оқушыларға мектеп формасы толықтай енгізіледі
2022/2023 оқу жылынан бастап Өзбекстандағы мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларға біріңғай мектеп формасы толығымен енгізіледі.
«Құқықтық ақпарат» арнасының хабарлауынша, күн көрісі төмен отбасы балаларына мектеп формасын беру жергілікті бюджет есебінен және «Темір», «Әйелдер» және «Жастар» дәптері қорлары есебінен жүзеге асырылады.
2022 жылдың 10 тамызынан бастап әр ауданда (қалада) мектеп формасын әзірлеушілердің сауда нүктелері құрылады.
Білім мекемесі мектеп формасын қайдан және қалай сатып алуға болатыны туралы барлығына көрінетін орындарға тиісті хабарландыру қойып, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.