Өткен 2021 жылы Өзбекстаннан шетелге қоныс аударғандар саны елге көшіп келгендерден 18 265 адамға көп болды.
Мемлекеттік статистика комитеті жариялаға мәліметтерге сай, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанға қоныс аударғандар саны 256 814 адамды құрап, оның қатарында ел ішінде басқа облыстардан 254 939 адам, шетелден 1 875 адам келген.
Елден көшіп кеткендердің жалпы саны 275 079 азамат. Онда елдің ішіндегі басқа өңірлерге қоныс аударғандар – 254 939 адам, шет мемлекеттерге кеткендер – 20 140 адамды құрап, көші-қон сальдосы минус 18 265 адамды құраған.
Өзбекстанға шетелдік иммигранттардың басым бөлігі Қазақстаннан (жалпы иммигранттардың 38%), Тәжікстаннан (18,5%), Ресейден (17,3%), Қырғызстаннан (7%), Түркіменстаннан (3,3%) және басқа елдерден (15,9%) келген.
Өз кезегінде, республикадан шет елдерге қоныс аударғандардың негізгі бөлігі Қазақстанға (жалпы иммигранттардың 56,6%), Ресейге (30,5%), Тәжікстанға (3,7%), Қырғызстанға (2,3%), Украинаға (1,6%) және басқа да елдер ( 5,3 пайыз) үлесіне тура келеді.
2020 жылы шетелге қоныс аударғандар 203,7 мың адамды құраса (2019 жылы 169,5 мың адам), 191,2 мың адам (2019 жылы 158,9 мың адам) көшіп келген.