2021 жылы Өзбекстанға халықаралық ақша аударымдары арқылы 8,1 млрд доллар жіберілді
2021 жылы Өзбекстанға халықаралық трансшекаралық ақша аударымдары арқылы 8,1 млрд доллар түскен.
Орталық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен 2029-2020 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артық.
Банк дерегіне шетелге жіберілген трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 1,6 миллиард долларды құраған.
Сондай-ақ, ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың жалпы көлемі 2021 жылы 26,1 млрд долларды құрап, 2019 және 2020 жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда тиісінше 1,7 және 1,3 есеге өскені байқалады.