2021 жылы Өзбекстанда электромобильдер импорты 7 есеге өсті
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстанға әлемнің 11 елінен 13,8 млн доллар құрайтын 689 электромобиль импортталды.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, электрмен жүретін көліктердің импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 592-ге немесе шамамен 7 есеге өскен. Электромобильдердің 90 пайыздан жоғарысы Қытайдан әкелінуде.
2021 жылдың 11 айында Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған:
- Қытай - 608
- Түркия - 24
- АҚШ - 20
- Литва - 13
- Германия - 11
- Оңтүстік Корея - 5
- Испания - 2
- Ресей – 2
- Украина - 2
- Гонконг – 1
- БАӘ – 1.