2021 жылы Өзбекстанда автокөлік өндірушілер саны көбейтіледі
2021 жылдан бастап Өзбекстанда тамақ, мұнай және электротехника саласында 73 түрлі акциз салығы жойылады. Бұл туралы Президент Шавкат Мирзияев 29 желтоқсанда «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауында мәлімдеді.
Сонымен қатар, келесі жылдың 1 наурызынан бастап зергерлік өндірісте күмісті өндірушілерге қор биржасы арқылы еркін сату тәртібі белгіленеді.
«Автокөлік өнеркәсібінде бәсекелестік ортаны дамыта отырып, кәсіпорындарға тең жағдай жасау арқылы салада өндірушілер саны артады», - деді Президент Шавкат Мирзияев.