2021 жылы Өзбекстанда 13 орталық мешіт пайдалануға беріледі
2021 жылы Өзбекстанда жалпы сыйымдылығы 43 мыңнан асатын 13 орталық мешіт ашылады.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасы хабарлауынша, соңғы үш жылда ел аумағында 256 мешіт қайта салынып, 308-і күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі уақытта мүлдем жаңа жоба негізінде 218 мешіт қайта жаңғыртылуда. Олардың кейбіреулері биыл аяқталады.
2021 жылы пайдалануға берілетін орталық мешіттер:
Ташкент қаласында 2 мешіт (біреуі 3,5 мың, 4 мың орынды)
Ташкент облысында (4 мың орынды)
Сырдария облысында (1,5 мың орынды)
Ферғана облысында 2 мешіт (біреуі 1,5 мың, 2 мың орынды)
Хорезм облысында (250 орынды)
Әндіжан облысында 2 мешіт (біреуі 15 мың, 3 мың орынды)
Сұрхандария облысында (5 мың орынды)
Қашқадария облысында (1,8 мың орынды)
Жыззақ облысында (850 орынды)
Бұхара облысында (2 мың орынды) мешіт пайдалануға беріледі.