French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылы Өзбекстан экономикасы 5,6 пайызға өседі – ЕҚҚДБ
10:26 / 2021-07-01

Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Аймақтық экономикалық болжам» есебінде 2021 жылы Өзбекстан экономикасы 5,6 пайызға, ал 2022 жылы 6 пайызға өседі деп болжануда.

Банк сарапшыларының бағалауы бойынша, 2021 жылы Өзбекстан экономикасының негізгі салалары - қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы өседі.

Орталық Азиядағы қалпына келтіру процесі барлық елдерде бірдей деңгейде жүрмесе де, аймақтың жалпы болжамы жақсы жаққа бет бұрған. 2021 және 2022 жылдары аймақтың экономикалық өсімі 4,5 пайыз деңгейінде болады деп болжануда. Бұл шикізат бағасының өсуіне және халықаралық ақша аударымдарының қайта басталуына байланысты болады делінеді, хабарда.