Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылы Ташкент метросы 100 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған
08:51 / 2022-02-02

Орталық Азиядағы бірегей метрополитен саналатын Ташкент метросы 2021 жыл бойы 102 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен.

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, жолаушылар тасымалы 2020 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артқан. Бұл 2020 жылғы пандемияға салдарынан қоғамдық көлік қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты болуы мүмкін. Осы 2020 жылы Ташкент метросы 38,8 миллион жолаушы тасымалдаған.

Ірегсі 1977 жылда қаланған метрополитеннің қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды. Онда төрт бағыты бойынша 43 бекет бар және пойыздар таңғы сағат 05:00-тен түңгі 00:00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді.