2021 жылы қосымша демалыс күндері белгіленді
Мемлекет басшысы «2021 жылы ресми даталарды атап өту кезінде қосымша жұмыс емес күндерді белгілеу және демалыс күндерін ауыстыру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігінің хабарында айтылған.
Жарлыққа сәйкес Өзбекстанда 2021 жылы ресми мерекелік даталарды атап өту кезінде азаматтардың толық демалуына жағдай жасау мақсатында келесідей қосымша демалыс күндері белгіленді:
- 2 қыркүйек - бейсенбі;
- 3 қыркүйек - жұма.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 2 қаңтар - сенбі, 20 наурыз - сенбі, 22 наурыз - дүйсенбі және 4 қыркүйек - сенбі жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін демалыс болып табылады.