Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылы метрополитен желісінің 12 шақырымдық бағыты пайдалануға беріледі
13:09 / 2020-12-29

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығарушы палатасына кезекті Жолдауы өтуде.

Онда, келесі жылы әуе билеттері құнының бір бөлігін бюджеттен өтеу жүйесі енгізіледі, бірқатар аймақтық әуежайлар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде сыртқы басқаруға беріледі және екі жүрдек пойыздың қызметі жолға қойылады. Бұхара-Ургенч-Хива темір жолын электрлендіру басталады.

Алыс ауылды мекендерді аудан орталықтарымен үздіксіз байланыстырып отыратын автобус қозғалысы жеке секторды тарту есебінен көбейтіледі. Ташкентте метрополитені желісінің 12 шақырымдық бағыты пайдалануға беріліп, метрополитеннің жер асты және жер үсті станцияларын байланыстыратын жүйесі іске қосылады.

Туризмді дамыту бойынша ішкі және зиярат туризіміе ерекше көңіл бөлініп, қажылық туризм орындарын су, жол инфрақұрылымын жақсартуға бюджеттен 1 трлн сум қаржы бөлінеді.