2021 жылы Әлем халқы төрт рет Ай мен Күннің тұтылуына куә болады
2021 жылы Жер шарының түкпір-түкпірінде өмір сүретін адамдар екі рет Күн мен екі мәрте Айдың тұтылуын бақылай алады.
«Korrespondent.net» сайтының мәліметінше, келесі жылдың 26 мамырында Айдың толық тұтылуы байқалады. Оны Шығыс Азия, Австралия, Тынық мұхиты, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан көруге болады.
10 маусымда - Күннің сақиналы тұтылуы күзетіледі. Оның максималды фазасын Канада, Гренландия және Ресей аумағынан байқауға болады. Жартылай тұтылу жағдайы Солтүстік Америка, Еуропа және Азия аймағында көрінеді.
19 қарашада - Айдың ішінара тұтылуы байқалып, оны Солтүстік және Оңтүстік Америка, Шығыс Азия, Австралия, Тынық мұхитынан көру мүмкіндігі бар.
4 желтоқсан күні- Антарктида аумағында толық күн тұтылу байқалады. Ол сондай-ақ ішінара Оңтүстік Африкада және Атлантиканың оңтүстік бөліктерінде көрінеді.