Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылғы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өтті
22:48 / 2021-02-10

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 10 ақпанда 2021 жылғы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.

2021 жыл Өзбекстанда «Жастарды қолдау және халық денсаулығын сақтау жылы» деп жарияланған болып, осыған байланысты дайындалған бағдарлама жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды жән 2 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертулерге орай өңделіп, әрі қарай байытылды.

Мемлекеттік бағдарлама құрамы 273 тармақтан тұрады. Ондағы белгіленген шараларға шамамен 30 триллион сум, 2,6 млрд доллар және 57 млн еуродан астам қаражат бөлінуі жоспарланған.

Бір сөзбен айтқанда Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - жастарды жан-жақты қолдау, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экономикалық даму арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жиында Мемлекет басшысы:- Біз бұл бағдарламаны әліде жалғасып жатқан әлемдік пандемия жағдайында, әлемдік дағдарыс күшейген күрделі жағдайда жүзеге асыруымызға тура келеді. Қаншалықты қиын болмасын, 500 мың жас пен 200 әйел азаматтарды жұмыспен қамту және 300 мың адамды кедейліктен шығару қажет. Егер «махалла» жүйесі жолға қойылса және мемлекеттік органдар бағдарлама тапсырмаларын ықыласты және ақылмен орындайтын болса, күрт өзгеріс болады, - деді Шавкат Мирзияев.

Бейне конференциялы кеңесте Мемлекеттік бағдарламаның екі негізгі бағыты - экономикалық және әлеуметтік салаларға қатысты сөз айтылып, олар негізінде өз кәсібін бастайтындарға 7 миллионға дейін, ал кәсіптік білімге оқығысы келетін әлеуметтік жағдайы төмен жандарға 1 млн сумнан субсидия берілетін болады.

Осы жөнінде жауапты кісілерге осы қаражатты бөлу тәртібін бекіту және оларды іс жүзінде қысқа мерзімде қолдану тапсырылды. Бұл бірінші жартыжылдықта 10 мың адамды және жыл соңына дейін барлығы 20 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз етуі мүмкін.

Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарда 22 ірі зиярат орындарының айналасын абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда. Сонымен қатар, әуетасымалдаушыларға ішкі туризм үшін авиабилеттер құнының 25%, туроператорлар үшін әуе және теміржол билеттері құнының 15% және қонақ үй қызметтері құнының 10% өтеу тәртібі енгізіледі. Бұл жаңа механизм арқылы биыл 1,7 млн шетелдік және 7,5 мн ішкі туристерді тарту мүмкін екені айтылды.

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген құрылыс жұмыстардың ауқымы да кең. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 10 мың шақырымнан астам ішкі және ауылдық жолдарды жөндеу, 15 мың шақырым электр желілері мен 4 мың трансформаторды жаңарту, 700-ден астам елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Тағыда, қалалық жерлерде 21 мың, ауылдық мекенде 8800 тұрғын-үй салу жоспарланған.

Тағы бір жағымды жаңалық - осы жылдың 1 маусымынан бастап, зейнетақы тағайындау кезінде 2005 жылға дейінгі жылдардағы еңбек өтілін растайтын құжаттарды қажет етпей, еңбек кітапшасындағы жазбалар негізінде есептеу тәртібі енгізіледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 100 мың адам, келесі жылы тағы 200 мың азамат зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұдан бөлек, биыл бюджет есебінен 22 балабақша мен 31 жаңа мектеп салу, әр ауданда физика әніне мамандандырылған бір мектеп құру туралы тапсырма берілді.

- Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты қағаз немесе қорытынды емес, тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізу, адамдардың өміріне оң өзгерістер енгізу. Ол үшін әр басшы өз жұмысында нәтиже көрсетуі керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі жиында облыстық, аудандық және қалалық халық деутаттарының кеңестері өз аумағында Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын құруы, Әділет министрлігінде әр тармақтың орындалуына «аудандық» бақылау орнатылуы керек екендігі айтылды.

Министрлер Кабинеті ай сайын бағдарламаның орындалуын сыни тұрғыдан талқылап, тапсырмалардың уақытылы және толық орындалуына көмектеседі. «Олий Мажлис» палаталары әр ширек сайын Премьер-Министрдің және үкімет мүшелерінің Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды және министрліктер мен ведомстволардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізеді.