2021 жылдың басынан Өзбекстанда 86 мыңға жуық жеңіл автокөлік шығарылды
Өзбекстанда 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 85 794 жеңіл түрдегі автокөлік шығарылды.
Мемлекеттік статистика комитетінің жыл басынан мамыр айына дейінгі өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру көлемі туралы есебінде жеңіл автокөлік құралдарының қай түрі қанша мөлшерде шыққаны туралы айтылған.
Осыған орай:
- Cоbalt – 25059 дана;
- NexiaT-250 – 11130 дана;
- Lacetti-Gentra – 16848 дана;
- Damas – 22799 дана;
- Spark – 4942 дана;
- Labo – 5016 дана автокөліктер шығарылды.
Сонымен қатар, соңғы 5 ай көлемінде 323 автобус (өткен жылмен салыстырғанда 27,9% -ға аз), 173 трактор (былтырғыдан 72,2% -ға төмен), 283 культиватор мен жер жұмсартқыш шығарылған.