2021 жылдың 10 айында Өзбекстанға 300 миллион литр бензин импортталған
Соңғы 10 айында Өзбекстанға шет мемлекеттерден 300 миллион литр бензин импортталғанү
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 110,2 миллион АҚШ долларын құрайтын 300 миллион литрден астам бензин импорттады. Импортталған бензиннің басым бөлігі Ресейден әкелінген – 142,3 млн литр.
Комитет дерегінше, бензин импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128 миллион литрге өскен.
Өзбекстан бензин импорттайтын негізгі елдер:
- Ресей - 142,3 миллион литр;
- Түркіменстан – 136 млн литр;
- Қазақстан – 16 млн литр;
- Ирак - 3,6 миллион литр;
- Иран – 1,8 млн литр.