Мемлекет басшысының төрағалығында 6 қараша күні өткен Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге арналған бейнеконференциялы жиынында, 2021 жылдың 1 маусымынан бастап халықтың 6 түрлі санатындағы жандарға дәрі-дәрмектер мен дәрумендер тегін қамтамасыз етілеліні айтлды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша медициналық емдеу адам денсаулығын қамтамасыз ететін 10 пайыздық фактор ғана. Тұқым қуалайтын факторлар 15 пайызды, қоршаған орта 20 пайызды, ең бастысы өмір салты 55 пайызды құрайды.
Физикалық белсенділіктің төмендеуі салдарынан, әсіресе кешке қарай шамадан тыс тамақтанудың нәтижесінде халықтың шамамен 30 пайызында жоғары қан қысымы мен 46 пайызында холестерин мөлшері нормадан артық екені байқалады.
60 пайызды құрайтын жағдайда коронавирустың ауыр өту процесі салауатты өмір салтымен қатар жүретін аурулармен байланыс екені анықталды. Яғни, әр адам салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып, физикалық белсенділік таныту арқылы қаншама аурудың алдын алуға болатынын және азаматтардың өмірін сақтап қалуға болатындығын түсінуі керек екені айтылды.
Сонымен қатар, ағзада фолий қышқылы мен темір витамині жетіспеушілігі әйелдердің 40 пайызында кездеседі, ал 5 жасқа дейінгі балалардың 55 пайызы темір тапшылығынан анемиямен ауырады. Балабақша мен мектеп жасындағы балалардың 70% -ында ішек паразиттік аурулары бар.
Сондықтан келесі жылдың 1 маусымынан бастап:
5 жасқа дейінгі балаларға дәрумендер мен микро-нутриенттерді;
10 жасқа дейінгі балаларға паразиттерге қарсы препараттармен;
жүкті әйелдер, емізетін аналар мен 15 жасқа дейінгі балалар йод препараттарымен;
35 жасқа дейінгі әйелдер фолий қышқылы және ферруммен тегін қамтамасыз етіледі.
Бұл дәрі-дәрмектер мен дәрумендер отбасылық дәрігерлер тарапынан ақысыз таратылады.