Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылдан бастап Қазақстанда мұғалімдер еңбекақысы 25 пайызға артады
17:08 / 2020-09-01

Бұл туралы Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті


2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты.

«Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді Тоқаев.