Әлемдегі ең тәжірибелі әуе компаниясы австралиялық «Qantas» авиакомпаниясы. Ол әуе тасымалында жүз жылдық тарихқа ие. Сондықтанда ол 2021 жылыда қауіпсіз авиакомпания деп табылды.
«AirlineRatings» порталының рейтингі бойынша үздік үштіктен Австралияның «Qantas», Жаңа Зеландияның «Air New Zealand» және Қатардың «Qatar Airways» әуе компаниялары орын алған.
Порталдың мәліметінше австралиялық «Qantas» авиакомпаниясы әлемдегі ең озық тәжірибелі және әуе тасымалында жүз жылдық тарихқа ие болып, қауіпсіздік тұрғысынан рекордты деп бағаланған.
Зерттеушілер әлемдегі 385 авиакомпанияның қызметін үйреніп, онда ауыр апаттық жағдайлар, ұшақтың зауыттан шыққан кезі мен күрделі оқиғаларына қатысты қызықты тақырыптарды талау арқылы қорытындылапты.
AirlineRatings деректері бойынша ең қауіпсіз 20 авиакомпания:
Qantas
Air New Zealand
Qatar Airways
Singapore Airlines
Emirates
EVA Air
Etihad Airways
Alaska Airlines
Cathay Pacific Airways
British Airways
Virgin Australia/Virgin Atlantic
Hawaiian Airlines
Southwest Airlines
Delta Air Lines
American Airlines
SAS
Finnair
Lufthansa
KLM
United Airlines