2021 жылда Өзбекстанға 3 миллионға жуық ұялы телефон импортталған
2021 жылы Өзбекстанға әлемнің 16 елінен 203,1 миллион долларға 3 миллионға жуық ұялы телефон импортталған.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, телефон импорты 2020 жылмен салыстырғанда 1,7 миллион данаға өскен. Ең көп ұялы телефон Қытайдан әкелінген және оған 102,4 млн доллар жұмсалған.
Өзбекстанға ұялы телефон экспорттаушы елдердің үздік үштігінде Вьетнам (80,7 млн доллар) және Үндістан (11,9 млн доллар) елдері бар.
Әлемнің 16 елінен Өзбекстанға ұялы телефондарды ең көп импорттаған елдер:
- Қытай – 102,4 млн;
- Вьетнам – 80,7 млн;
- Үндістан – 11,9 млн;
- Қазақстан – 5,3 млн.;
- БАӘ - 1,6 млн;
- Германия – 647 мың;
- Ресей – 176 мың АҚШ доллары.