2021 жыл жол-көлік оқиғасы салдарынан Өзбекстан аумағында 2426 адам көз жұмған.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, өткен жылы республикада жалпы 10 001 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 2426 адам қаза тапқан, бұл күніне орта есеппен 6 адамды құрайды. 1150 жағдайда жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды соғып кеткен болса, жол апатын жасағандардың басым бөлігін жасы 30-ға толмағандар жасаған.

Статистикаға сай, тіркелген 10 001 жол-көлік оқиғасында 9 230 адам жарақат алған. Ең көп жазатайым оқиғалар Ферғана облысында анықталған – 1469. Кеінгі кезекте Ташкент облысы (1336) және Самарқанд (1129) бар.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты сақтамаудың 2010 (20,1%)жағдайына байланысты болған. Жолдың нашарлығы – 2009 (20,1%) және жаяу жүргіншілердің арнайы белгі қойылған мекендерден өтпеуінен туындаған – 1380 (13,8 пайыз).
Жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай бөлігін яғни 4 698 жағдайда жаяу жүргіншілердің қатысы бар, оның 1621 жас балалармен байланысты. Велосипедшілердің қатысуымен 1075, мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен 84 ЖКО орын алды.
Жол-көлік оқиғасының 2008-ін 25 жасқа дейінгі жүргізушілер, 2057-сін 30 жасқа дейінгі жүргізушілер жасаған.