Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жыл Өзбекстанда қай көлік көп шығарылғаны белгілі болды
10:26 / 2022-01-20

Мемлекеттік статистика комитеті 2021 жылы автокөлік өнеркәсібінде шығарылатын көліктер туралы мәліметті жариялады.

Ондағы дерекке сай, өткен жылы Өзбекстанда ең көп «Cobalt» маркалы автокөлік шығарылған - 71 082 дана.

Тұтынушы сұранысына байланысты кейінгі орындарды «Damas» - 55 068 дана, «Lacetti-Gentra» - 51 061 дана темір тұлпар шығарылғаны белгілі болды.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында зауыттан шыққан автокөліктер статистикасы:

  • «Cobalt» - 71 082 дана; 
  • «Damas» - 55 068;
  • «Lacetti-Gentra» - 51 061;
  • «Nexia T-250» - 31 466;
  • «Labo» - 17 308;
  • «Spark» - 9 915.