2021 жыл Өзбекстанда «Жастарды қолдау және қоғамдық денсаулық сақтау жылы» деп жарияланды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 29 желтоқсанда «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығарушы палатасына кезекті Үндеуін жолдады.
Ташкенттегі Халықаралық Конгресс орталығында өтіп жатқан шарада Мемлекет басшысы 2021 жылды «Жастарды қолдау және қоғамдық денсаулық сақтау жылы» деп атауды ұсынып, Жаңа Өзбекстанды білімді және шығармашыл жастармен өкендетеміз, -деді.
Президент өз сөзінде биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай: -Бұл тарихи датаны сіздермен және бүкіл халқымызбен бірге «Жаңа Өзбекстанда еркін және гүлденіп өмір сүрейік!» деген ізгі ниетпен кеңінен атап өтеміз, деді.
Атаулы шарада «Олий Мажлис» Сенаты мүшелері мен Заң шығару палатасының депутаттары және жергілікті қала, облыс Кеңестеріне сайланған халық депуттаттары қатысуда.
Мемлекет басшысының Парламентке Үндеуі отандық телеарналарында Тікелей эфирде көрсетілуде.