Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жылғы APEC саммиті виртуалды форматта өтеді
09:16 / 2020-06-30

2021 жылға өтуі жоспарланған Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (APEC) саммиті виртуалды форматта өтетін болды


2021 жылға өтуі жоспарланған Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (APEC) саммиті виртуалды форматта өтетін болды.

Бұл жөнінде Жаңа Зеландияның сыртқы істер министрі Уинстон Петерс пен Сауда министрі Дэвид Паркер Веллингтондағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (APEC) саммиті 2021 жылы виртуалды форматта өтеді деп мәлімдеді.

Жаңа Зеландия үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта «COVID-19 жаңа түрдегі коронавирусы халықаралық дипломатияны қатынастарына үлкен әсер етеді. Бұл сондай-ақ APEC саммитіне қатысты. Басқа көптеген үкіметаралық іс-шаралар сияқты, «APEC-21» саммитіде виртуалды сандық платформаларды қолдану арқылы өтеді», - делінген.

Ал Сыртқы істер министрі Уинстон Петерс өз мәлімдемесінде «Қазіргі ғаламдық жағдайды ескере отырып, Жаңа Зеландияға көптеген жоғары мәртебелі қонақтарға шақыруды жоспарлау ... бұл шешім емес», - деген.

2020 жылы APEC төрағалығы Чилиден Малайзияға өтті. Мемлекет басшыларының келесі кездесуі осы жылдың 11-12 қарашасында Малайзияның Путражая қаласында өтеді. Қазіргі уақытта APEC құрамына 19 ел кіреді.