Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жыл Рамазан айының пітір садақа мен зекет мөлшері белгіленді
15:17 / 2021-04-09

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Пәтуа кеңесінің 2021 жылғы пітір садақа мен зекет мөлшерін белгілеуге байланысты қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, зекеттің алтынға қатынасы 85 гр, ал бүгінгі күні 1 гр алтынның орташа бағасы 320 000 (үш жүз жиырма мың) сумды құрайды, сондықтан биылғы зекет нисабы 27 200 000 (жиырма жеті млн екі жүз мың) сум болып белгіленді.

Пітір садақа мөлшері бидай (2 келі), арпа (4 келі), мейіз (2 келі), құрма (4 келі) белгіленген болып, ал әр облыс өкілдері садақа мен зекет мөлшерін өз аймақтары базарларындағы орташа бағалар негізінде анықтайды, делінген.

Соған сәйкес Ташкент қаласындағы базарларда бидайдың 1 келі орташа бағасы 5 мың, арпа бағасы 3,5 мың, мейіз бағасы 40 мың және құрма бағасы орташа 35 мың сум екендігі анықталып, 2021 жыл үшін пітір садақасы төмендегідей белгіленген.

≈2 келі бидай 10 000 (он мың) сум;

≈ 4 келі арпа 14000 (он төрт мың) сум;

≈ 2 келі мейіз 80 000 (сексен мың) сум;

≈ 4 келі құрма 140 000 (жүз қырқ мың) сумға тең;

Әр кім өз мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған төрт өнімнің кез-келгені біреуін садақа ретінде беруіне болады.

Еске салар болсақ, Өзбекстанда Рамазан айы 13 сәуір аптаның сәрсенбісінен басталады.