Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2021 жыл пандемияға қарсы күрес пен вакциналар үшін бюджеттен 3 трлн бөлу жоспарланған
10:31 / 2021-02-23

Өзбекстанда 2021 жыл коронавирустық пандемия жағдайына қарсы күрес және вакцина сатып алу үшін бюджеттен 3 трлн сум бөлу жоспарланған.

«Олий Мажлис» Заң шығару палатасындағы Өзбекстан Халық Демократиялық партиясы фракциясының бастамасымен 22 ақпанда парламенттік тыңдау өтіп, онда халық денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстар жоспары айтылды.

Онда айтылуынша, Өзбекстан халықты жаппай вакцинациялау мақсатында әлемнің 13 фармацевтикалық компаниясы және ғылыми орталықтармен келіссөздер жүргізуде. Солар қатарында ынтымақтастық нәтижесі бойынша қытайлық «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co., Ltd» компаниясы Өзбекстандағы коронавирустық вакцинаны әзірлеуде ZF 2001 вакцинасының тең авторы ретінде танып, жаңа вакцина ZF-UZ-VAC 2001 атымен бірлесіп өндіру және пайдалануға келіскен.

Сонымен қатар Өзбекстан GAVI (Вакциналар мен иммундау бойынша әлемдік альянс), COVAX (Коронавирустық вакцинация механизмі) қорына мүше елдер қатарында.

Өткен жылы елдегі пандемия кезінде барлық жағдайды жасау үшін жалпы бюджеттен 1,3 трлн сум көлемінде қаржы жұмсалған. Ал биыл коронавирустық пандемия жағдайына қарсы күрес және вакцина сатып алу үшін бюджеттен 3 трлн сум бөлу жоспарланғаны жайлы айтылды.