Olbg порталы 2021 жылы бір минуттта ең көп ақша тапқан спортшылардың тізімін жасады.
Рейтингке сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша ең жақсы нәтиже ирландиялық UFC файтері Конор МакГрегорға тиесілі. Ол өткен жылы UFC турнирінде екі жекпе-жек өткізді және екеуінде де жеңілді (Дастин Поремен жекпе-жек).
Осы бір жыл ішінде МакГрегор октагонда небәрі үш минут өткізіп, дәл осы уақыт аралығында ол 22 миллион доллар табысқа кенелді. Есептік көрсеткіш бойынша (әр жеті секундта 1 миллион доллар) ол минутына 8 695 652 доллардан тапқан.
Одан кейінгі орында мексикалық боксшы Сауль Альварес. Ол минутына 444 444 доллар табыс тапты.
Үздік үштікті америкалық футболшы Дак Прескотт қорытындылаған. Прескотт минутына 325 000 доллар табысқа қол жеткізген.
Рейтингте үздік 20 спортшының 17-сі американдық футболшылар саналады.
Шабулшы Неймар 2021 жылда тізімде 17-ші орында (2,323 минут алаңда ойнаған). Ол минутына 32 716 доллар табыс тапқан болса. Месси 23-ші (23 139 мың), ал Роналду 25-ші (18 662 мың) орынға жайғасқан.