Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020 жылы Өзбекстанда сырттай оқу толық қашықтықтан білім беруге көшеді
09:52 / 2020-07-10


2020 жаңа оқу жылынан бастап Өзбекстанның жоғары оқу орындарында сырттай оқу 100 пайыз қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Бұл туралы 9 шілде Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде (АБКА) өткен брифингте Жоғары және арнайы орта білім министрі Инамжон Мажидов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша қазіргі кезде талапкерлердің құжат тапсыру, тіркеуден өту мерзімі өзгермейді және қабылдау белгіленген уақытқа дейін жалғасады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап сырттай оқу толықтай қашықтықтан білім беру жүйесіне көшетін болып, кешкі оқу үрдісі жоспар бойынша 50 пайыз қашықтан оқытуға ауысады. Ал күндізгі бөлімдегі сабақтар карантиндік жағдайдың қандай түс алуына байланысты белгіленетін болған.