Өзбекстан үкіметі 2020 жылда мемлекет аумағында коронавирус пандемиясын бақылауға бюджеттен 3 трлн 962 млрд сум көлемінде қаржы жұмсағаны белгілі болды.
Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Министрлер Кабинетінің 5 ақпандағы 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есебінде айтылған болып, Қаржы министрлігінің Дағдарысқа қарсы қорының мәліметтері бойынша бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалған:
дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар, қорғаныс құралдары, тесттік сынамалар мен карантиндік шектеу;
медициналық қызметкерлерді материалдық ынталандыру, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен қорғаныс шараларын жүзеге асыру;
карантиндік аймақтарда коронавирусты емдеуге байланысты арнайы орта құру мен оларды жабдықтау инфрақұрылым жасау үшін.
Бұдан бөлек, бюджеттен әлеуметтік нысандарды салуға, қайта құру мен күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 трлн 423 млрд сум, кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін 2 трлн 485 млрд сум, халықты әлеуметтік қолдауды кеңейтуге 1 трлн 340 млрд сум, денсаулық сақтау нысандарының құрылысына және қажетті инфрақұрылымды құруға 1 трлн 22 млрд сум, жергілікті бюджеттер мен зейнетақы қорларының шығындарын жабуға 595 млрд сум көлемінде қаржы жұмсалған.