Өзбекстанда 2020 жыл бойы 671 млрд сумдық бюджет қаржысын жымқыру фактілері анықталды.
ӨР «Олий Мажлис» Заң шығару палатасының кезекті отырысында Есеп палатасының 2020 жылғы қызметі туралы қорытынды тыңдалымы өтіп, онда Мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік мақсатты қорлардан бөлінген 671,3 млрд сум қаржыны игеруде жіберілген кемшіліктер мен заңсыз шығындар орын алғаны мәлім болды.
Осыған байланысты Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, Дағдарысқа қарсы қорға тұрақты бақылау жүргізіліп, заңсыз шығыстардың 23,8 млрд сумы, сондай-ақ артықша қаражаттандырылған 8,4 млрд сум ақша қорға қайтарылғандығы айтылған.
Халықтық білім министрлігі мекемелерінде 192,2 млрд сум қаржылық қателіктер, кемшіліктер мен жымқыру фактілері тіркелген. Тіпті Қарақалпақстанның Беруни ауданындағы 58 нөмірлі мектептің құрылысына деп 420 млн сум бөлініп, пайдалануға берілген филиалында мүлде құрылыс болмағаны анықталған.