2020 жылы әлемдік танымал жұлдыздар жалпы 6,1 млрд доллар табысқа кенелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 млн долларға аз.
«Forbes» журналы 15 желтоқсанда әлемдік жұлдыздардың 2020 жылғы табысы жайлы қорытындысын жариялады, ондағы тізім бойынша американдық модель Кайли Дженнер мен репер Кейн Уэст көш бастап тұр.
Кайли Дженнер биылғы әлемдік пандемияға қарамастан 590 млн доллар тапқан. Бұл ақшаның көп бөлігі «Coty Cosmetics» компаниясының 51% акциясын сатудан түскен, дедйі басылым мәліметінде. Ал, музыкант репер Кейн Уэст - 170 млн доллар табысқа кенелген. Ол бұл табысқа «Adidas» компаниясымен келісімшарттан кейін қол жеткізген.
Forbes-тың рейтингі бойынша үздік үштікті әлемнің төртінші ракеткашысы швейцариялық Роджер Федерер 106 млн доллар табыспен қорытындыласа, футболшылар арасында ең көп табыс Криштиану Роналдуға нәсіп еткен. Оның 2020 жылғы табысы 105 млн долларға жеткен. Леонель Месси ТОП-5 реитингті 104 млн доллармен аяқтаған.