«Қара пантера» фильмінде басты рөлді сомдаған американдық актер Чедвик Боузманның «Twitter» парақшасында қайтыс болғаны туралы хабарлама 2020 жылы ең көп репост жасалған.
«Variety» порталының мәліметінше, 9 желтоқсандағы жағдай бойынша постта 2,1 миллион ретвит жасалып, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазбаны 924,6 мың рет қайта жариялаған. Бұдан бөлек 165 мың пікір жазылған болса, 7,5 миллион лайк басылған екен.
Кино әлемінде «Қара пантера» фильмімен танымал американдық актер Чедвик Боузман осы жылдың тамыз айында 43 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болған еді.
Сарапшылардың жасаған рейитингі бойынша үздік екінші және үшінші «твит» посттар да өлім жағдайына байланысты болып, онда екінші шепте осы жылдың қаңтар айында әуе апатынан қаза тапқан баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы хабар тіркелген. Үшінші орында осы спортшыны еске ала көңіл айтып жазған АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың посты жайғасқан.