2020 жылдан бастап Өзбекстан ЖОО өзін-өзі қаржыландыруға көшкпек
2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне өтетін 10 ЖОО-ның тізімі жасалды.
2019 жылдың 11 шілдедегі Өзбекстан Президенті жарлығына сай, кейбір ЖОО кезеңімен өзін-өзі қаржыандыру жүйесіне көшетін болады.
Осы жарлыққа байланысты, «Жоғары оқу орындарын өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшіру туралы» Үкімет қаулысы қабылданып, онда 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап тәжірибелік сынақ ретінде өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне өтетін 10 ЖОО-ның тізімі жасалды.
Таңдалған осы жоғары оқу орындарының педагогикалық әлеуеті жоғарылығы, олардың қаржылық қызметінің тұрақтылығы, материалдық-техникалық базасы мен білім беру қызметтер нарығына мамандар даярлауда сұранысы ескеріле отырып, мына оқу ордалары келесі жылдан бастап тәжірибелік сынақ ретінде өзін-өзі қаржыландыру жүйесінде көшетін болады.
1.Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдер университеті;
2.Ташкент мемлекеттік заң университеті;
3.Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті;
4. Ташкент қаржы институты;
5.Ташкент мемлекеттік шығыстану институты;
6.Ташкент фармацевтикалық институты
7.Ташкент теміржол инженерлік институты
8. Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институты;
9. Самарқанд экономика және қызмет институты;
10. Үргенш мемлекеттік университеті;