Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020 жыл Өзбекстанға ең көп саяхатшылар Қырғызстаннан келген
10:13 / 2021-01-28

2020 жылдың қаңтары мен желтоқсан айларында Өзбекстанға туристік мақсатта келген шетелдіктердің саны 1,5 миллион адамды құрады. Олардың ең көбі Қырғызстаннан келген.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдағы келген туристер саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 77,7%-ға төмендеген. Ал, шет елге туристік сапармен шыққан өзбекстандықтардың саны 2 млнға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 76,3 %-ға азайған.

2020 жыл Өзбекстанға туристік мақсатта шетелдіктердің ең көп ағыны мына елдерден келдген:

  • Қырғызстан - 508 мың адам (келушілердің жалпы санының 33,8%),
  • Қазақстан - 424,1 мың (28,2%),
  • Тәжікстан - 337,5 мың (22,4%),
  • Ресей - 81,6 мың (5,4%),
  • Түркіменстан - 60,6 мың (4%),
  • Әзірбайжан - 2,2 мың (0,1%), 
  • Беларусь - 1,6 мың (0,1%).