2020 жыл Өзбекстанда 106 адам газдан уланып көз жұмған
2020 жыл Өзбекстанда 106 адам газдан уланып көз жұмған. Бұл жөнінде Президенттің төрағалығымен өткен қысқа дайындық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюға арналған бейне конференциялы жиында айтылды.
Жиындағы мәліметке орай биылдың өзінде Өзбекстан аумағында 106 адам газдан уланып көз жұмған болса, тағы 190 азамат газдан исіне уланып, денесін күйік шалған.
Осы жағдайларға байланысты Президент Шавкат Мирзияев Жаңа жылдық мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігі, газдан улану мен түрлі қауіптің алдын-алу мәселелері бойынша шенеуніктерге қауіпсіздікті асыру жөн деп атап көрсетті.
Сондай-ақ әлеуметтік нысандарда, әсіресе балалар үйлерінде, мектептерде, мектепке дейінгі және медициналық мекемелерде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізу, олардың дайындығын одан әрі күшейту бойынша шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойылды.