Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020 жыл халықаралық ақша аударымдары арқылы Өзбекстанға 6 млрд доллар түскен
15:51 / 2021-01-19

Өзбекстан Орталық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Өзбекстанға халықаралық трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 6,03 миллиард долларды құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17 миллион долларға немесе 0,3 пайызға артық.

Банк дерегіне шетелге жіберілген трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 1,20 миллиард долларды құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 157 млн долларға немесе 15 пайызға өскен.

Осы қорытындыға сай халықаралық трансшекаралық ақша аударымдарының оң сальдосы 4,83 миллиард долларға жеткені мәлім.

Бір жылдық пандемия кезеңінде трансшекаралық аударымдарының елге келіп түскен және шетелге жіберілген ақшаның ең көлемдісі қыркүйек айына тура келеді. Елге келген ақша 638 млн, шетелге жіберілген мөлшері 161 млн доллар.